CaspianLife, 8 шілде — Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу науқаны басталғаннан бері 200 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге 1,2 триллионнан астам теңгені өз шоттарынан түсірген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1,5 триллионнан астам теңгені арнайы шоттарға аударды, деп хабарлайды «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі.
Өңірлік бөліністе жалпы сомасы 312 миллиард теңгеге жуық Маңғыстау облысының тұрғындары (33 682 адам) зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша бірінші орында тұр. Екінші орында – Нұр-Сұлтан (32 216 адам), елорда тұрғындары шамамен 197 миллиард теңге пайдаланған. Үшінші орында Алматы қаласы тұр, онда алынған жинақтардың жалпы сомасы шамамен 213 миллиард теңгені құрайды.
«»Отбасы банкте» ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна салған қазақстандықтардың көпшілігі, 9 359 адам ЖБЕК пайдалана отырып, қайталама тұрғын үйді (167 миллиард теңгеден астам) таңдады. Қалған 1 729 адам бастапқы тұрғын үйді таңдады (36 миллиард теңгеден астам). 100 – ден астам адам зейнетақы артығын құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыру үшін пайдаланды (2 миллиард теңгеден астам)»,-деп нақтылады баспасөз қызметі.
Қорда егер салымшының БЖЗҚ-дағы сомасы жеткіліктілік шегінен асып кетсе, зейнетақы аударымдарын пайдалануға өтінім шексіз рет берілуі мүмкін деп толықтырды.