CaspianLife, 8 шілде — Елдің ұлттық полициясы төрт жалдамалы қылмыскерді оқиға орнында өлтіріп, Гаити Президенті Жовенель Моиздің өліміне қатысы бар тағы екі адамды ұстады.
Полицияның бас директоры Леон Чарльз кісі өлімінен кейін құқық қорғау органдары қылмыскерлердің қашып кетуіне жол бермеу үшін барлық жолдарды жауып тастағанын айтты.
Гаити Мемлекеттік хатшысы Франц Экзантюстің айтуынша, Ұлттық полиция күдіктілерді жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында ұстаған.
Еске сала кетсек, 7 шілдеге қараған түні резиденцияда Гаити Президенті Жовенель Моиз атып өлтірілді. Қастандық кезінде жақын маңда болған оның әйелі Мартин Моиз де алған жарақат әсерінен көз жұмды.
Моизге жасалған қастандық әрекет бірнеше рет жасалды. 2018 жылы мемлекеттің негізін қалаушы Жан-Жак Дессалиннің қайтыс болғанына 212 жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада Моизге шабуыл жасалған. Бірақ ол кезде президент зардап шеккен жоқ, алайда үш күзет қызметкері жарақат алды. Осы жылдың ақпан айында БАҚ өкілдері Гаити Президентіне тағы бір қастандықтың дайындалып жатқандығы туралы хабар таратқан болатын.