CaspianLife, 29 маусым — 30 маусымда Ресей астанасында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің келіссөздері өтеді. Саясаткерлер Еуразиялық экономикалық одақ аясында екі елдің ынтымақтастығын талқылайды. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.
«Ағымдағы жылдың 30 маусымында Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО – ны одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 17 мамырда екі ел өкілдері телефон арқылы да сөйлескен болатын.