CaspianLife, 29 маусым — Елордалық белсенді Айжан Әбенованы полиция жұмыс орнында ұстаған. Полицейлердің келгенін ол видеоға түсіріп жақындарына жіберіп үлгерген. Қазір туыстары оның телефоны өшіріліп тұрғанын айтады. Олар Абенованың ұсталуын 6 шілдеге жоспарланған митингімен байланыстырып отыр.
Әбенова жіберген видеода полиция қызметкерлері олармен бірге жүру талабының себебін атамаған. Сондай-ақ, сот отырысы өтті ме, жоқ па ол да белгісіз.
Әбенованың айтуынша, ол осы жылдың мамыр айында WhatApp мессенджерінде «Жер сатылмасын» чаты құрылған сәттен бастап қудаланған, бұған дейін ол 24 сәуірде митинг өткізуге өтініш берген.
Айта кетейік, кеше «бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұза отырып өткізілетін жария іс-шараға қатысу» бабы бойынша полиция тағы екі құқық қорғаушы Марат Мұсабаев пен Қайыргелді Нұрғалиевті ұстады. Белсенділердің пікірінше, қудалау 6 шілдеде жоспарланған оппозиция жетекшісі Мұхтар Әблязовтың митингімен байланысты.