CaspianLife, 25 маусым — Қазақстандық дүкендер сөресінен енді темекіні көре алмайсыз. Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, сату орындарында темекі өнімдерін сөрелерге орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, темекі өнімдерін жарнамалайтын суреттер де тұрмауы керек. Мұндай өзгерістер темекі шегушілердің санын азайту мақсатында енгізілуде.
Бір қызығы, сатылатын темекінің тізімі параққа мәтін түрінде орналастырылуы керек. Әріптер ақ параққа қара түспен жазылуы тиіс. Тізім әліпбилік тәртіппен, қандай да бір суреттерсіз тек бағаны көрсете отырып жасалады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда темекінің ең төменгі құны 500 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап ол 520 теңгеге дейін көтеріледі. Және әр алты ай сайын өсіп отырмақ. Егер қазір ол мың дана үшін 11 100 теңгені құраса, 2024 жылға қарай ол 18 мыңға дейін көтерілмек.
Былтырдың өзінде қазынаға темекі өнімдеріне акциздерден 220 миллиард теңге түскен. Ал биыл жыл басынан бергі сома – 107 миллиард теңгені құрап отыр.