CaspianLife, 23 маусым — «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанда шабуыл бастап, америкалық әскерлерді елден шығару басталғаннан кейін ондаған әкімшілік аудандарды бақылауға алды. Содырлар Тәжікстан шекарасына да жақындады.
Өткен аптаның соңында талибандар Тәжікстанмен шектесетін Тахар және Кундуз провинцияларын басып алды. Сонда-ақ, Түрікменстанмен шекаралас Фаряб провинциясына шабуыл жасалды.
Ауғанстанмен шекара сызығындағы жағдай шиеленіс үстінде. Шерхан-Бандаре шекаралас ауылында талибандар жаралаған, өлтірген немесе тұтқындаған ауған әскерлерінің жалпы саны жүздеген адамға жетеді.
«Расталған ақпаратқа сәйкес, соңғы он күнде ИРА-ның Тәжікстанмен шекаралас төрт провинциясында (Ауғанстан Ислам Республикасы-авт.) үкімет әскерлері мен «Талибан»қозғалысы арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Нәтижесінде Чахеб, Янги Калъа, Даркад, Дашти Кала уездері, Тахор провинциясының Ходжагор уезді, Құндыз провинциясының Имом Сохиб және Калаи Зол уездері, сондай-ақ «Шерхон – Бандар» және «Кокул» талибтердің бақылауына өтті», — деп хабарлайды Тәжікстан ҰҚК шекара әскерлерінің баспасөз орталығы.
Айта кетейік, қазір талибандар елдің 34 провинциясының 26-ында билік өкілдерімен соғысып жатыр.
«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) 1994 жылы Ауғанстандағы азамат соғысы кезінде құрылды. 1996-2001 жылдары Талибан билік басында болды. 2001 жылы биліктен кеткеннен кейін олар Ауғанстандағы үкіметтік әскерлермен және НАТО күштерімен партизандық соғыс жүргізе бастады.