CaspianLife, 17 маусым — Маңғыстаудан келген егіз апалы-сіңлілер Қызылорда облысында таэквондодан өткен турнирде финалға өтіп, бір-бірімен төбелесуден бас тартып, өзара жеңімпазды «су-ли-фо» ойыны арқылы анықтауға шешім қабылдады.
24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін финалдық бәсекеге егіз апалы-сіңлілер Айя мен Сая Кенжеғали шықты. Олар «тас, қайшы, қағаз» ойнап, бірінші орын жеңімпазын анықтады. Нәтижесінде сәттілік Айя Кенжеғалидің жағында болды.
2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы таэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналды. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден астам спортшы қатысқан.