CaspianLife, 16 маусым — Атырау облысы «Kүнделік.кz» электронды журналын толтыру бойынша күміс батырма жүлдесін алды. Бұл жыл сайын өткізіліп отыратын республикалық рейтингтің қорытындысы.
Марапаттаудың басты мақсаты – мұғалімдердің цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін жетілдіруге ынталандыру.
Мамандар марапаттау рәсімін дәстүрге айналдырмақ. Сондай-ақ, шара барысында рейтинг бойынша тұрақты түрде көш бастаған облыстағы 9 мектеп ұжымына алғыс хат берілді. Белсенді қолданушы атанған білім ордаларының жетекшілері болса өз кезегінде ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Салатанатты жиында алғыс хат алғандардың басым бөлігі ауыл-аудандардағы білім ошақтарының өкілдері болды. Бүгінде облыс аумағында 197 жалпы білім беру мекемесі болса, олардың 184-і «Күнделік.кз» электронды журналымен жұмыс істейді.