CaspianLife, 7 маусым — Испанияда жол төсеу барысында ерекше әдіс қолданылып жатыр. Валенсияға жақын жерде жаңа технология қолға алынып, құрылыс саласы тың идеямен толықты. Қысқасы, «Acciona» мердігер компаниясы цементтің орнына қағаздан қалған күлді пайдалануда.
Бұл қоспа жабындының сапасын арттырмаса, еш кемітпейтін көрінеді.
«Жол салу үшін бізге ең мықты материалдар керек. Әдетте біз цемент қолданушы едік. Ал қағаз күлінің оған барлық жағынан ұқсап қана қоймай, артықшылығы бар екенін ескерген жөн. Ол – экологиялық таза өнім! Өзіміздің есептеуімізше, көміртек қостотығын 65-75 пайызға дейін азайтамыз. Ал көлемін ұлғайтқан сайын цементті де 18 мың тоннаға дейін үнемдемекпіз», — дейді мердігер компания өкілі Хуан Хосе Памплон.
Жаңа жобадан түсетін пайда – тек көмірқышқыл газын азайтып қана қоймайды, қағаз қалдықты өртеу арқылы қоқысты шикізат ретінде пайдаланатын мүмкіндік бар.
Әзірге бұл пилоттық жоба ретінде қарастырылып отыр. Памплонаның айтуынша, өнім алдағы уақытта мемлекеттік деңгейге көтеріліп, халықаралық дәрежеде де өз бағасын алмақ.
«Acciona» комапниясы «PaperСhain» жобасына қатысушы ретінде белгілі. Олардың негізгі мақсаты – қағаз қалдықтарды Еуропа өнеркәсіптеріне пайдалану.