CaspianLife, 4 маусым — Токио жазғы ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Қиыр Шығысқа аттанатын ресейлік спортшылар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін дайындықтарын Владивосток, Улан-Удэ, Комсомольск және Хабаровск қалаларында өткізбек.
Көрші елдің спорт министрі Олег Матыцин Петербургта өткен халықаралық экономикалық форумда спортшыларының басындағы оқшаулану мен олимпиадада өз жанкүйерлерінің болмауы сияқты қиындықтар туралы айтты.
«Жағдайды жүйелендіру қиын боп жатыр. Құрама командаларымыздың көп бөлігі жаттығуын Қиыр шығыстағы федеральды округте өткізбек. Климаттық жағдай, уақыт белдеуі дегендер салыстырмалы түрде Токиоға көбірек ұқсас. Бірақ әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерге келгенде спортшыларымыздың күйзеліске шыдай алатын қасиетіне сенім артпақпыз», — дейді Ресей спорт министрі Олег Матыцин.
Мойындау керек, басқа қатысушыларға қарағанда Ресей құрама командасының өз қиындығы бар. Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің санкция салуына орай, олар ұлттық байрағы астында өнер көрсете алмайды. Сонымен қатар, жеңімпаз атанған спортшыларының құрметін елдің әнұраны емес, Чайковский шығармаларының бірі орындалады.
Жалпы, олимпиада 23 шілде күні басталады. Дегенмен Жапония халқының біраз бөлігі жаппай қарсылық танытып жатыр. Олар пандемия кезеңінде елдеріне мыңдаған адамның келуіне наразы.