Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 29 қараша.  1 желтоқсаннан бастап Атырау облысында «Киік-2024» табиғат қорғау акциясы басталады, ол бір айға созылады. Далада табиғат қорғау және құқық қорғау органдары тарапынан бақылау күшейтіледі. Негізгі мақсат – киік популяциясын қорғау және көбейту, браконьерлікпен күресті күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды. Арнайы тапсырмалар бойынша табиғат қорғау полициясы тобының аға инспекторы Нұрлыбек Қанатовтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде жануарлар дүниесін қорғау саласында 83 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 77 әкімшілік құқық бұзушылық және алты қылмыстық іс тіркелген. – Облыс аумағында жыл сайын уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Киік» және…

Read More

Caspianlife, 29 қараша. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол заңсыз баспанаға кіру, бөтен мүлікті қасақана жою (өртеу), үлкен зиян келтіру, үш адамның ерекше қатыгездікпен қасақана өлтірілуі, басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін тәсілмен (оның ішінде екі жас баланың) өлтіруге әрекет жасау бойынша айыпталды. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, айыпталушы зардап шегуші әйелмен кездескен, кейін олар арасындағы келіспеушіліктер салдарынан әйел қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда айыпталушы әйелді үнемі мазалап, оның пәтеріне екінші қабаттың терезесі арқылы кіріп, егер ол онымен қарым-қатынасты жалғастырмаса, оны бензинмен өртейтінін айтып қорқытқан. Іс материалдарынан: «Айыпталушы зардап шегушінің пәтеріне жатын…

Read More

CaspianLife, 28 қараша.  Атыраудағы «Асыл агро» базарында малшы болып жұмыс жасаған тағы бір адамның сібір жарасын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова мәлімдеді. Науқас өзін жайсыз сезініп, дәрігерге барған кезде оның аталған аурудың терілік деген түрін жұқтырғаны белгілі болыпты. Пациент 26-қарашадан бері ауруханада жатыр.

Read More

CaspianLife, 28 қараша. Қазақстан мен Ресей 7-ші халықаралық нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қол жеткізілген келісімде диапазондарды бөлу тәртібі бекітілді. — Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдалану құқығына ие болады. — Ресей Федерациясы +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтарын өзіне бекітті. Сонымен қатар, бұл процесс екі елдің арасындағы жақсы көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі екені атап өтілді. Қазақстан мен Ресей екі елдің азаматтарының мүддесінде бөлінген ресурстарды ашық және тиімді пайдалану үшін тығыз ынтымақтастықты…

Read More

CaspianLife, 28 қараша. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевпен бірлесіп жаңа су тұшыту зауытының құрылысын бастады. Жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын Тоқмақ (Қарақия ауданы) жерінде теңіз суын тұшыту зауытын салу Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңаөзен қаласы Еділ суын Қиғаш өзені арқылы «Астрахан-Маңғышлақ» құбырынан алып, тұтынады. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар елді мекендердің халқы үшін судың жалғыз орталықтандырылған көзі. Су тұтыну көлемі халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда…

Read More

CaspianLife, 28 қараша. «КазТрансОйл» АҚ («КазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) Батуми терминалының әлеуетін нығайтуда. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-да («ҚазТрансОйл» АҚ-ға 100% үлесі тиесілі) жүк көтеру қуаты 40 тоннаға дейін жететін «Аист» үлгідегі жаңа кран іске қосылды. Бұл жаңарту Батуми теңіз портының құрғақ жүк терминалының өнімділігін айтарлықтай ұлғайтады. Техникалық инфрақұрылымды жаңарту терминалдың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Енді терминал Handysize және Handymax үлгісіндегі ірі тоннажды кемелерге бұдан да тиімді қызмет көрсете алады. Бұл, әсіресе, үймелі жүк санатының үлесі артуына байланысты маңызды болып отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында терминал арқылы 1 млн 408 мың тонна жүк тасымалданды, бұл былтырғы ұқсас кезеңімен…

Read More

CaspianLife, 28 қараша. Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары қате түсініп, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан. Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды. «Ойын бизнесі туралы» заңның 15-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйым салынған. Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұл әкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды. ББТ-да тұрған азаматтарды…

Read More

Caspianlife, 28 қараша. Кездесу кеше Башқұртстанның астанасы Уфада Ресей мен Қазақстанның XX аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында өтті. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өз Telegram-арнасында жазғандай, форумның басты оқиғасы пленарлық отырыс болды, оған Ресей Президенті Владимир Владимирович Путин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты. И.Бабушкиннің айтуынша, Қазақстан Астрахань облысының негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында екіжақты сауда айналымы 27%-ға артты. Осы жылдың он айында Қазақстанға 1,5 мың тонна балық өнімдері мен 14 мың тонна көкөніс жөнелтілген. Сонымен қатар, астраханьдық құрылыс және өндірістік материалдар да Қазақстан нарығына жеткізілуде. Астрахань облысының губернаторы Ресейдің бұл өңірі Қазақстан облыстарымен белсенді…

Read More

CaspianLife, 28 қараша. Биыл облыста жануарлар дүниесін қорғау саласына қатысты 83 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде тіркелген әкімшілік құқықбұзушылық саны – 77, ал қылмыстық іс– 6. Бұл туралы полиция департаментінің табиғат қорғау полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлыбек Қанатов баспасөз мәслихатында мәлім етті, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. — Жыл сайын облыс аумағында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жойылып бара жатқан киіктерді атудың жолын кесу, олардың өнімдерін заңсыз дайындаумен, сатумен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған «Киік» және «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде облыс аумағында бірнеше құқықбұзушылық анықталып, 335 киік мүйізі, 7 тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруы…

Read More

CaspianLife, 27 қараша. Ұлттық компания QazaqGaz басқармасы «GPC Investment» ЖШС-ның жаңа атқарушы директоры ретінде Мұғал Мақымғалиді таныстырды. Атырау қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «QazaqGaz» АҚ Геология және перспективалық жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов Мұғал Төрешұлы Мақымғалиді «GPC Investment» ЖШС-ның жаңа атқарушы директоры ретінде таныстырды. Ол Мұғал Мақымғали кандидатурасы UCC Holding (Катардың Power International Holding компаниясының еншілес кәсіпорны) тарапынан ұсынылғанын атап өтті, себебі жобаны басқару катарлық компаниясының басшылығының  бақылауына өтуде. «Біз Мұғал Төрешұлыны QazaqGaz компаниялар тобына қабылдағанымызға қуаныштымыз. Оның құрылыс саласындағы кең тәжірибесі Қашаган газ өңдеу зауыты жобасының жүзеге асуын жеделдетуге көмектеседі деп сенемін», — деді Ұлан Бүркітов. «QazaqGaz»…

Read More