CaspainLife, 13 мамыр – Газа секторында Израильдің соққыларынан қаза тапқандар саны 67-ге жетті. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері хабарлады.
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандардың 17-сі – бала. Одан бөлек, 388 адам түрлі жарақат алған. Оның ішінде, 115 бала мен 50 әйел адам бар.
Еске салайық, 10 мамырда Иерусалим, Бейт-Шемеш және елдің оңтүстігінде әуе шабуылы жайында қауіп-қатер дабылы соққан болатын. Зымыранмен жасалған соққыларға жауапкершілікті ХАМАС әскері өз мойнына алды.
Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына деп Газа секторынан қарымта соққы жасаған. Бұл ХАМАС ұйымының шабуылына жауап дейді Израиль тарапы. Бірақ бүкіл әлем еврей билігінің шектен шыққанын айтып, атысты тоқтатуға шақыруда.
Фото: интернет желісінен