CaspianLife, 6 мамыр — 42 жастағы Алматы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін көз жұмды.
12 сәуірде ер адам вакцинаның алғашқы дозасын алған. Сол күні ол өзін жақсы сезінген. 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алуға барып, 30 минут ұстап үйге жіберген.
Ол үйде болғанда жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенге дейін өмірден өтіп кеткен.
Дәрігерлер өлім инфаркттан болды деген ойда. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі.
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өлімнің себебі — жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі. Өлімнің себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланады, соңғы диагноз гистологиялық зерттеуден кейін болады», — деп атап өтті Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Фото: интернет желісінен алынған