Атыраудағы модульдік аурухана науқасқа лық толды. Қазір онда 192 адам жатыр. Олардың 17-сі жансақтау бөлімінде болса, алтауы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, яғни жағдайлары тым ауыр. Қазір ауруханада бос керуерт болмағандықтан, науқастар №2 жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілуде. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 149 адам тіркелді. Басым бөлігі Атырау қаласының тұрғындары .
Надя ЕРҒАЛИЕВА, Атырау облысының штаттан тыс инфекционист-дәрігері
Атырау қаласы бойынша науқастар саны өсіп отыр. Бүкіл отбасымен ауырып келіп жатқан адамдар да бар. Сондықтан ковид инфекцияның алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүріп жатыр. Көпшілік орындарға барған кезде маскамен жүру, әлеуметтік қашықтық сақтау, көпшілік орындарда болмау, халық көп жиналатын жерге бармауды қолдаймыз.