Атырауда саудагерлерден ақша бопсалап, күш көрсетті деген айып тағылған спортшылар 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Сотталушы үшеу ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның туын көкке көтерген спортшы.Олар ҚР ҚК-нің «Қорқытып алу», «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету» мен «Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру» секілді 3 бабы бойынша айыпталды.
Алайда айыпталушылардың жақындары мен шәкірттері үкіммен келіспейтіндіктерін білдірді. Айтуларынша, қазақ елінің абыройын халықаралық жарыстарда жарқыратын жүрген жандардың жаман іске баруы мүмкін емес.
Әнуарбек БАТАЕВ, спортшы
Асқар Үмбетов ағайымыз көптеген әлем чемпиондары мен Қазақстанға танымал чемпиондарды шығарып жүрген ағайларымыздың бірі. Ол өзінің патриоттығымен, өз отбасын тастап, Қазақстанның туын көтерген азаматтардың бірі. Бала кезімізден Асқар ағамызға қарап бой тізеп келеміз. Осы темірлер, қазақ елі үшін арналған темірлер. Еліміздің туын көкке көтеру үшін жасаған еңбектеріміз.
Сот үкіміне сәйкес, спортшылар жазаны қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейтін болады.Сондай-ақ, олардың әрқайсысы жәбірленушілерге өтемақы ретінде 80 мың теңгеден төлеуі тиіс.