Атырау қаласында Махамбет көшесі маңындағы қоқыс жәшігінен кішкентай бала табылғаны туралы ватсап желісінде ақпарат тарады. Алайда, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.
Оған сәбидің суреті жалғанған. Артынша осы ақпаратты таратқан ер адам мұндай мәліметті оның үйіндегі адамдар қалжың ретінде жібергенін жеткізді. Енді істің анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.