«Атырау облысында тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда», деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«9-13 наурыз аралығында өңірде 895 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 556 педагог, 316 медицина қызметкері, 22 мемлекеттік қызметші және 1 полиция қызметкері», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда аймаққа тұрғындардың сегіз басым санаты үшін 2 мың «Спутник V» вакцинасы келді.