Ауа райының қолайсыздығына байланысты атыраулық оқушылар 2 күн бойы мектепке бармайды.
23-ші және 24 ақпанда бірден бесінші сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматта білім алады. Мұның 9 бен 11 сынып оқушыларына қатысы жоқ.
Соңғы тәулікте ауа температурасы — 26 градусқа дейін төмендеді. Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, бұл күндері облыс аумағында бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 15-метрге дейін жетеді деп отыр.
Малика Такежанова