«Caspian news» арнасында – тұсаукесер. «Дақ» қысқаметражды фильмі көрерменге жол тартты. Төл туындыны түсіру пандемия кезінде арна бюджетіне оңай соқпаса да, шығармашылық топтың тәуекелі көз қорқақ, қол батыр екенін дәлелдей алды. Осы орайда фильм продюсері шектеулер кезінде актерлардың түсіністігіне ерекше алғысын білдіреді. Өйткені, ол шығарма барысында өнер адамдарының өз ісіне келгенде жауапкершілікпен қарайтынын түсінген.
Алтынай СЕРІКБАЙ, продюсер
Пандемияға байланысты бұл фильмді түсірген кезде сәл қиындықтар болды. Ол әсіресе түсірілім жағына байланысты. Кейбір жерлер жабық болды. Бірақ біз осыған қарамастан, қаражат жағына қарамастан біз түсіріп шықтық. Фильмдегі актерлық құрамның да ойнау жағын және ол кісілердің түсінісітікпен қарағанын айтып өту керек. Әсіресе басты рөлді ойнаған Бекет Зинуллин «Дақ» фильмінің сәтті шығуына бірден бір үлес қосты деп айтсам болады.
Фильмде жат ағымның жетегінде кеткен басты кейіпкер Мұса Базарбаевтың өмірі баяндалады. Отанынан безіп, соғыс өрті шарпыған Сирияға әйел, бала-шағасын ертіп кеткен ол болған іске өкінетінін жеткізеді. «Жусан» операциясының арқасында еліне оралуға мүмкіндік алып, жазасын өтеп шығады. Ал сценарий авторы Светлана Қалиева оқиға желісі арқылы көгілдір экран алдындағы көрерменге өзгенің қателігі сабақ болғанын қалаған. Мұндай идеяның иесіне тіпті режиссердің өзі ризашылығын білдірді.
Эльдар ҚАТАПОВ, режиссер
Бұл фильмде бір отбасының трагедиясы бейнеленген. Пандемия уақытына байланысты актерлардың басын біріктіру қиын болды. Жақсы түсірілімдер, жақсы фильмдер экран бетіне шығады деп сенемін. Рахмет айтатыным Махамбет театрынының актерларына рахметімді айтамын, операторлар, ең бастысы сценарист рахмет айтатаынымыз. Сценарий өте тартымды, жинақы.
Ал арна ұжымы өз көрермендерін алдағы уақытта да қуантпақ. Үш жаңа фильм түсіруді жоспарлап отқан телеарна басшылығы өңірдің тарихы мен дәстүрін сипаттайтын танымдық туындыларды жарыққа шығаруға бел буып отыр.