Тойхана иелері кәсібін бизнестің басқа саласына ауыстыруы қажет. Эпидемиолагтар мен қоғамдық тамақтану қауымдастығының мамандары мейрамхана қожайындарына дәл осындай кеңес беруде. Бәрімізге мәлім, карантин басталғалы той бизнесі тоқтады. Зәулім мейрамханалар түбегейлі жабылды. Алдағы тағы екі-үш жылдықта ашылмайтыны белгілі. Сондықтан, уақытты босқа өткізбей кәсіптерін басқа салаға бағыттауы қажет дейді, қалалық Бас санитар.
Әсима ЖАРЫЛҒАСОВА, Ақтау қаласының бас санитар дәрігері
Аударма: Еліміздің және облыстың бас санитар дәрігерлері қаулыларын өзгерткенімен, карантин талаптарын жеңілдетіп, мейрамханаларды ашқанымен жағдай өзгермейді. Өйткені шектеу шаралары түбегейлі алынып тасталмайды. Соны ескеріп, той бизнесінен бас тартатын уақыт жетті. Басқа салаға бейімдеу қажет.
Бұл мәселе кәсіпкерлер палатасында көтерілді. Алайда, іскерлер саланы ауыстыру оңай шаруа еместігін айтып отыр. Мәселен, кәсіп иесі Гүлзира Мұраталиеваның айтуынша, оның тойхана бизнесімен айналысып келе жатқанына 7 жылдың жүзі болыпты. Банк алдында 110 млн теңге берешегі бар. Ол несиесін жаба алмай әбден тығырыққа тірелген.
Осындай түйіткілді мәселенің шешімін табуға кеңес беру үшін Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі қазіргі уақытта «Қызыл аймақта» орналасқан аймақтардың әрекет алгоритмі туралы бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
Аймақта шамамен 160 мейрамхана, 200-дей дәмхана, 54 бар және 27 асхана тіркелген. Енді оларға кәсібін оңтайландыру қажет. Алайда, бұл оңай шаруа еместігі кәсіпкерлерге де белгілі.