Атырау қаласында мұнай өнімдерімен ластанған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір станция аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып, ластанған топырақ пен қалдықтарды бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады.
Аталған мерзімге дейін станция аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланатын болады» — дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.