Қазақстанда үкімет бекіткен тұжырымдама бойынша Наурыз он күн бойы тойланбақ.
Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ашық НҚА» порталына «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы » үкімет қаулысының жобасын әзірледі және орналастырды.
Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн өткізу жоспарлануда. Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады:
14 наурыз – «Көрісу күні»
15 наурыз – «Жайлау күні»
16 наурыз – «Шежіре күні»
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
18 наурыз – «Игі істер күні»
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»
20 наурыз – «Зияткерлік күні»
21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
23 наурыз – «Жоралғы күні»