Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
«Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр», — делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі — «Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру» санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.