14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға БАҚ-тың көзінше коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Мемлекет басшысына CoronaVac вакцинасы салынды. Оны Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алды. Елге вакцинаның 25-30 миллионға жуық дозасы жеткізілген.
«Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де оларға қосылып, вакцина салдырттым» деді түрік басшысы.