Синьхуа-ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясының Датун қаласында ұнтақты шаңның жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Жарылыс таңғы сағат 8:40 шамасында Юнчжоу қаласының маңындағы акционерлік компаниялардың бірінде орын алған. Алдын ала тергеу нәтижелеріне қарағанда, төтенше жағдайға дәнекерлеу жұмыстары себепкер болуы мүмкін.