Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Жылыой аудандық ауруханасына тамақтан уланған 16 жергілікті тұрғын жатқызылды.
Олардың 25-27 желтоқсан аралығында Құлсары қаласындағы дәмхананың бірінен үйге жеткізілетін сушиге тапсырыс бергені белгілі болды.
«Ауруханаға түскен кезде науқастарда диарея, дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу және жалпы әлсіздік симптомы болған. Қазір науқастардың жағдайы «орташа ауыр» деңгейде» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары аталған факті қатысты тексеруді бастады.