Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол өзінің instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
— Бұл жылды ең керемет жігіттің жұбайы болып аяқтаймын, — деп жазды спортшы қыз.
Сабина парақшасына неке қию сәтінде түсірілген фотоны салған. Оқырмандары волейболшы қызға ақ тілегін жаудыруда. Жұбайының есімі — Саят Салманұлы.
Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы да instagram желісінде некелерін қиғаны жайлы хабарлап, жастарға бақыт тіледі.