Каспий теңізінің бетінде қатқан мұздың қалыңдығы ғалымдарды алаңдатты. Бұл туралы РИА Новости порталы хабарлайды.
Мәселе болып отырған Ресей бөлігінде орналасқан Каспий теңізі сыңайлы. Ресейдің гидрометорталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд мұздың қалыңдығы 30%-дан асқанын айтады.
«Қатты аяздардың себебінен Рсейдің оңтүстік еуропалық бөлігіндегі Азов теңізі мен Каспий жағалауын мұз баса бастады. Қазіргі кезде Каспий бетіндегі мұз қалыңдығы теңіз деңгейінің 30%-ын құраған», — дейді зерттеуші.
Айта кетейік, Қазгидрометтің хабарлауынша, теңіздің қазақстандық бөлігінде де ауа райы бұрынғыдан төмен.