Спорт кешендерінің құрылысы, волейболдан қыздар командасын көбейту, таланттыларға гранттардың бөлінуі мен балалар интернатын құру мәселелері «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген.
Партиялық үміткердің сөзіне сенсек, сайлауалды бағдарлама бойынша Атырау облысында 2021-2025 жылдар аралығында 22 спорттық кешен салу жоспарланған. Ал республикалық бағдарлама негізінде әр ауылда спорттық инспекторды дайындау мен секция жүргізушілерінің жалақысын көбейту мәселелері қарастырылмақ. Депутаттыққа үміткерлерге, спорт жанашырлары ұлттық құрама сапындағы қыз-жігіттердің киім-кешегін жаңарту бағытында сауалдарын қойды. Одан бөлек, ауқымды спорт алаңдарында көрермен орындықтары қарастырлмағанына наразы екенін айтты.
Саламат ИДРИСОВ, «Nur Otan» партиясынан кандидат
Өңірдегі спорт кешендерінің заман талабына сай болуын қадағалаймыщ. Сосын волейболдан қыздар командасының дамуы, әкімдік тарапынан бөлінетін гранттарды спортшыларға бөлу бағытындағы мәселелер алдыңғы орында. Тағы бір өзекті мәселе — спортшылардың балалар интернатын құру. Себебі, өңірдегі жастарды дайындаймыз. Кейін спорттық интернат болмағандықтан, олар басқа қалалардың атынан шығып жүреді. Соңғы кездері облыстық спортшылардың халықаралаық жарыстарға шыққандағы формаларының жақсы түр болуына да үлкен сұрақтар болды.
Партиялықтар мұндай жұмыстарды сала ардагерлері мен жас спортшылардың және дене шынықтыру пәні ұстаздарынан жиналған 90-ға тарта адамға онлайн кездесуде таныстырды.