«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат Мереке Құмаров, аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер Теңел Исмағұлов, Арайлым Қаржауова, Қанат Ғұмаров Ақкөл ауылдық округінде болып, сайлаушылармен кездесті.
Кездесуді аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Теңел Исмағұлов ашып, қатысушыларды таныстырып, келген мақсаттарын айтып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Арайлым Қаржауова партияның Құрманғазы ауданы бойынша бағдарламасына кеңірек тоқталып, оның басты бағыттарынан құлағдар етті. Қалған екі қатысушы, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлер Мереке Құмаров пен Қанат Ғұмаров та партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғанын, алға қойылып отырған межелердің ел үшін берер игілігі мол екенін баяндап, «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, жарқын болашағымыз үшін таңдау жасаңыздар деген ізгі ниеттерін жеткізді.