1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін — ДДCҰ — CaspianLife ақпараттық порталы

1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін — ДДCҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша шамамен 1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Оқи отырыңыз...

Дереккөз мәліметінше, әлемдегі әрбір төртінші медициналық мекеме сумен қамтылмаған, ал әрбір үшінші медициналық мекемеде қажет қол гигиенасы сақталмаған.

«Су, санитария және гигиена медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды, бірақ бұл қызметтерге басымдық беріле бермейді», — делінген хабарламада.

ДДҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейесустың айтуынша, мекемелерде гигиена сақталмауы медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуімен тең.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионнан асты. . Олардың 1,5 миллионнан астамы қайтыс болған. 45 миллионнан аса адам аурудан жазылған.