«Теңізшевройл» компаниясында жаңа басшы. Бұған дейін Chevron IndoAsia Business Unit басқарушы директоры қызметін атқарған Кевин Лайон «Теңізшевройл» ЖШС жаңа бас директоры болып тағайындалды.
Kazservis мұнай сервистік компаниялар одағының мәліметінше, 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ТШО-ны басқарған Имер Боннер Chevron бас кеңсесінде жаңа қызметке ауыстырылды.
Енді Кевин Лайон одан жұмысын қабылдап жатыр, ол келесі жылдың 1 ақпанында ресми түрде бас директор болып тағайындалады.