АҚШ федералды сауда комиссиясы және 48 штаттың бас прокуроры фейсбукқа қарсы сотқа арыз түсірді. Әлеуметтік желіні монополияға қарсы заңнаманы және бәсекелестік ережелерін бұзды деп айыптауда. Талап-арызда фейсбук мамандары бәсекелестерді сатып алу немесе шағын нарық қатысушыларын жою арқылы құқыққа қарсы әрекет етіп отыр деп көрсетілген.
Летиции Джеймс, Нью-Йорк штатының бас прокуроры
- Фейсбукта үлкен ақша қоры бар, сол қаражатты пайдалана отырып әлеуметтік желі көрсеткішіне қауіп төндіретіндердің бәрін жойып отырған. Сондай-ақ әр америкалықтың жеке деректерін қорғау мәселесі де әлсіреген.
Осыдан бір жарым ай бұрын Гуглға қатысты дәл осындай талап-арыз түсірілген. Ол кезде сотқа жолданған құжатқа 11 штат қол қойған.