Атырау облысында өткен тәулікте ПТР арқылы 34 адамнан коронавирус анықталды. Ал Маңғыстау облысында қауіпті дертті 3 тұрғын жұқтырған.
34 адамның ішінде 9-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 20, Жылыой ауданынан 2, Құрманғазы ауданынан 3 науқас шығып отыр. Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, Атырауда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар тіркелмеді.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, дәл қазір Атырау облыстық инфекциялық стационарда 42 науқас жатыр. Ал аудандардағы инфекциялық стационарда 8 (Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандары), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 188 адам ем қабылдауда.