Құрғақшылықтан зардап шегіп отқан Намибия өз аумағында пілдердің санын азайту үшін 170 сүтқоректіні сатылымға шығарды. Мұндай жарнаманы қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы және туризм министрлігі жариялады.
Жануарларды аукцион арқылы ел ішіндегі, одан тыс елдердегі сатып алушылар да ала алады. Сауда-саттыққа қатысушылар пілдерді ұстауға тиісті жағдайдың бар екендігін растайтын және олардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдардың болуына қатысты құжаттық кепілдіктерді ұсынуы керек. Сондай-ақ, шетелдік сатып алушылар өз елдеріне пілдерді әкелуге рұқсат беретін кедендік құжаттарды ұсынуға міндетті.