Италиялық монополияға қарсы реттеуші мекеме америкалық «Apple» компаниясына 10 миллион еуро айыппұл салды.
Бәсекелестік және нарықты қорғау басқармасы «Айфон» смартфондарының суға төзімділігі туралы шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарын айтты. Яғни, «Apple» гаджеттердің күнделікті пайдалануда емес, белгілі бір жағдайда, атап айтқанда арнайы және бақыланатын зертханалық зерттеулер кезінде ғана су өткізбейтінін түсіндірмеген. Сондай-ақ, «Айфон» телефондары сұйықтықтың әсерінен зақымдалған кезде компания кепілдік беруден бас тартқан.