Ақтау–Құрық тасжолының 38-шақырымында орналасқан екі су резервуарының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Баймұрат Әбілов мәлімдеді.
Аталған су резервуарының әрқайсысының сыйымдылығы – 1000 м³. Құрылыс жұмыстарын «Мантеком» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.
Баймұрат ӘБІЛОВ, Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Сорғы стансасын толықтай жаңартып, оны қайта құрылымдау қарастырылған болатын. Атап айтқанда, маркасы «ЦНС 180-85» электр қозғалтқышты қайта жөндеу және сорғы құрылғысын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сорғы стансасының ғимараты жаңартылып, ескі электр трансформаторын, сыртқы жарықшамдарды, толықтай құбыр бұрандаларын ауыстыру жұмыстары бітті.
Орнатылған су резервуарларының сыртқы беті жылытқыш минералды плиталармен қапталып, сорғылар жобаға сәйкес орнатылды. Сондай-ақ, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сорғы стансасының құрылысы барысында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасымен 13 қарақиялық тұрғын жұмыспен қамтылған.