Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады. Оның төрт күні мерекеге байланысты бекітілген.
Желтоқсанның жартысына жуығы демалыспен өтетінін бәрі біледі. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 5, 6, 12, 13, 26 және 27-ші желтоқсан сенбі-жексенбіге тап келіп тұр. Ал 16,17, 18 және 19 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай күнтізбеде қызылмен белгіленген. Бірақ 20-ы, яғни, жексенбіде қазақстандықтар жұмыс істейді.
Атырау облысының бас санитар дәрігерінің карантиндік шектеулерге байланысты шығарған соңғы қаулысына сәйкес, мереке күндері қоғамдық көлік қатынасы тоқтамаса да, сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлар жұмыс істемейді.