Алдағы бес жылда студенттердің шәкіртақысы 75 мың теңгеге жетуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы мен Елбасының қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде талқыланды.
Еліміздегі жастардың әлеуетін көтеру мақсатында қомақты қаржыны қамтитын 258 бағдарлама ұсынылды. Соның аясында республикада тапшы болып тұрған балабақшалар мен мектептер, ЖОО-дағы жатақхана мәселесі шешіледі деп сендірді нұротандықтар.
Ринат ҒИЛАЖЕВ, Атырау облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы
Қаншама мектеп пен балабақшада жатақхана мәселесі бар?! Осыған байланысты алдағы бесжылдықта игі істердің атқарылатынына сьезде көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар, еш жерде жұмыс істемейтін, еш жерде оқымайтын жастардың санын 100 мыңға дейін төмендету жоспарда бар. Яғни, оларға жұмыс тауып беруіміз керек, оқытуымыз керек.
Съез барысында «Нұр Отанның» партиялық тізімі бекітілді. Оған енген 126 кандидаттың 77-сі партияішілік праймериз жеңімпаздары. Ал қалғаны партиялық квота бойынша анықталды.