Жалған нөмірлі көлік тізгіндеген қала тұрғыны ұсталды. Тіпті, оның жылдамдықты 104 рет асырғаны анықталып отыр.
Тәртіп сақшылары жүргізушіні Жұлдыз ықшамауданында тоқтатты. Кейін тексеріс барысында өзінің жеке нөміріне осы күнге дейін 272 мың теңге айыппұл салынғаны анықталды.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы
Өзіне тіркелген мемлекеттік белгісінде 12 айыппұлы бар екені анықталып отыр. Бұдан басқа жүргізушіге қатысты әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 9 бабымен әкімшілік хаттамалар жасақталды. Оның екеуі жалған мемелкеттік белгі орнату және жолдың қарсы бағытына шығу бойынша рәсімделген. Әкімшілік хаттамалар тиісті шешім қабылдану үшін сотқа жолданды.
Бүгінде үш миллионға жуық берешегі бар 24 жастағы азаматтың темір тұлпары тұраққа қойылды. Енді ол көлік тізгіндей ала ма, жоқ па – сот шешеді.