Биыл қалада 5000-нан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Белгіленбеген жерден өткендердің көбі сауда орталықтарындағы қиылыстарға келгенде заңды белшесінен басып жатады.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, ереже бұзуға жол өткелдерінің арақашықтығы итермелейді.
Нұрбақыт БАСАРОВ, Атырау қаласы ПБ патрульдік полиция батальон командирінің орынбасары
Таңертеңнен кешке дейін жаяу жүргіншілерге қатысты 13 әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіп бұзуға негізгі себеп – жаяу жүргіншілер өткелінің арақашықтығы. Мұндай құқықбұзушылықтар Дина, Көктем базарлары айналасында көп кездеседі.
Полицейлер апатты жағдайға қала сыртындағы жарықтандырылмаған көшелердің де себеп болатынын айтады. Бірақ бұл – жүргіншілердің жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік бермейді.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы
Жыл басынан бері Атырау қаласында полиция қызеткерлері 5 715 жаяу жүргіншіні әкімшілік жауапкершілікке тартып, әрқайсысына 8 334 теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, көлікке қағылған 25 адамның 15-і белгіленбеген жерлерден өткендер.