Францияның экс-президентінің сайлау алды компаниясын Ливия елінің қаржыландыруына қатысты сыбайлас жемқорлық ісі Париждегі сотта қаралмақ.
Айыпталушылар орындығында – экс-президент Николя Саркози, оның адвокаты Тьери Эрцог пен кассациялық сатының бұрынғы судьясы Жильбер АЗибер. Николя Саркози 2014 жылдың басында өзінің адвокаты арқылы кассациялық сот мүшесінен миллиардер Лилиан Бетанкурдың сенімін асыра пайдаланғаны туралы іске қатысты құпия ақпараттарға қол жеткізбек болған. Сот процессі 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Үш сотталушының бірі 74 жастағы Тьери Эрцогтың коронавирус жұқтырды деген күдікке байланысты тыңдалым уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Егер Саркозидың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, миллион еуроға дейін айыппұл төлейді.