Індеттің қаупі сейілмей тұр. Индер ауданында қарашада өсім байқалған. Сырқаттанғандардың үлкені 78-де болса, кішісі – екі жасар сәби.
Ақмарал ҚОСЫМБАЕВА, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Қараша айында Индер ауданы бойынша 10 жағдай тіркелді. Оның ішінде 9 науқаста аурудың белгілері жоқ. 1 жағдайында аурудың белгілері бар. Бірақ ол науқаc аудандық жұқпалы ауруханының бөлімшесіне оқшауланды. Сонымен қатар6 сиптомы жоқ науқастармен жақын байланыста болған барлық тұрғындар анықталды. Олардың барлығы – қазір үй карантинінде.
Ал ауданға қарасты Елтай ауылдық округінде бір отбасындағы жеті адам вирус жұқтырған. Сырқаттанғандардың алтауында ауру белгілері байқалмаған, ал бір науқас Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл жағдайдан кейін Елтайдағы сақтық шаралары бірден еселенді. Күштің ақхалаттыларға түсетіні рас. Алғашқы кезеңде біраз тәжірибе жинақтаған аудандық аурухана қызметкерлері екінші толқынға сақадай сай отыр.
Анар ДОСПАЕВА, аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігері
Индер аудандық ауруханасында 26 кереует қарастырылған. Оның бүгінгі күні 10 кереуеті бос емес. 16 кереуті резервтік жағдай да тұр. Жалпы дайындық жақсы. Дәрі-дәрмек қорымыз бар. Құрал-жабдықтарымыз бар. Мамандар мәселесі бойынша да 1 инфекционист дәрігеріміз, 1 терапевт және онистизиеолог-ренематолог мамандармен қамтылып отырмыз.
Ал мобильдік топтардың жүргізген рейді барысында санитария талаптарын елемеген қос кәсіпкерлік нысан мен үш жеке тұлғаға айыппұл салынды. Білім беру саласындағы алдын алу шаралары да қарқынды жүргізілуде. Аудан мектептеріне 240 планшет пен 200 компьютер таратылып, күні кеше тағы мың шақты ноутбук тапсырылды. Техникалық құрал-жабдықтар мұқтаж шәкірттерге уақытша негізде таратылмақ.