Кения астанасының орталығындағы қасиетті інжір ағашы ұлттық қазынаның бір бөлігіне айналды. Ел президенті осындай шешім қабылдады.
Жергілікті тұрғындар «Мугумо» деп атап кеткен ағашқа 100 жыл болған. Кезінде оны төрт жолақты жол салу үшін кесіп тастамақшы да болған. Алайда ел басшысы оны орнында қалдыруды бұйырыпты. Кениялық экобелсенділер президент Ухуру Кеняттың шешіміне ризашылықтарын білдірді. Ондағы ең үлкен кикуйю тайпасы ағашта қасиетті күштің барына сенеді.
Найроби қаласының тұрғыны Уилсон Ирери құрғақшылық кезінде оның түбінде жасалған дұғадан кейін жиі жаңбыр жауатынын да айтқан. Қытайдың қаржыландыруымен салынып жатқан тас жол енді қасиетті ағашты айналып өтетін болады.