Атырау облысында құстардың жаппай қырылу дерегі тіркелді. Жауапты адамдардың айтуынша, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватында 80 шамалы қанатты өлген.
Қос бағлан құсы Нұр-Сұлтан қаласына зерттеуге жіберілді. Ал қалғандары өртеліп, жерге көмілуде. Облыстық экология департаментінің мамандары резерват бойындағы өзен суы мен жердің және ауаның сынамасын алған. Қорытындысы жақын күндері шығуы тиіс.
Асхат ҚАРАБАЛИЕВ, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты басшысының орынбасары
4 қарашадан бастап қазірге дейін 74 бағлан құсы мен 7 шағаланың өлімі анықталды. Екеуін астанаға зерттеуге жіберді. Зерттеуге судың, ауаның сынамасы алынған. Сараптамалары әлі шыққан жоқ. Қазіргі уақытта «Ақ Жайық» резерватында басқа аң-құстың өлімі тіркелмеді.