Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман 7-шағынаудан бойынша абаттандыру жұмыстарының атқарылу барысын тексерді.
Бүгінде аталған шағынауданда 2 балалар ойын алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған бесеуінің құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Ал 3 спорт алаңының 2-уі аяқталып, біреуінің құрылысы үшін бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, жоспарланған 12 813 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолының 7 500 және 33 600 шаршы метр автокөлік жолының 25 000-ында жөндеу жұмыстары аяқталды.
Серік Гусман абаттандыруға жауапты тиісті мердігер мекеме өкіліне шағынаудандағы тұрғындар үшін атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы және уақытылы жүргізілуін тапсырды.