Бала кезінен қолөнерге бейім Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының тұрғыны, жас кәсіпкер Ахат Избасханов қазіргі уақытта өзінің қызығушылығын кәсіпке айналдырып отыр.
Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант ұтып алды. Бүгінде кәсібін дөңгелеткен Ахат сурет салып, тапсырыстар қабылдайды. Оның қолынан шыққан түрлі өнім көпшіліктің сұранысына ие.
Ахат ИЗБАСХАНОВ, қолөнерші
Бүгінде шеберханамда ағаш өнеріне қызығушылық танытқан жасөспірімдерге бар білгенінімді үйретіп жүрмін. Алдағы уақытта шеберхананы үлкейту жоспарымда бар. Қазір ағаш өнімдерін жасайтын 2 құрылғым бар. Енді 4 аппарат алуды көздеп отырмын. Бір айдағы табысым 100 мың теңгеге дейін жетеді.