Жедел-жәрдем көліктерін дезинфекциялау жұмыстары жеделдетілді. Бұрын санитария талаптарын орындау үшін әр шақыртудан кейін стансаға бару қажет болатын. Ендігіде көліктер науқасты апарған емханада залалсыздандырылады. Осылайша, ақхалаттылардың уақыты едәуір үнемделмек.
Бауыржан ТӨЛЕГЕН, облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры
Автокөліктердің өз уақытында дезинфекциялау қиынға соққан еді. Қазір дезинфекциялау жұмыстары ауруханаларда жүргізіледі. Себебі, біз бұған дейінгі автокөліктерді дезинфекциялағанда 30-40 минут жоғалтатын едік. Ал қазір бар болғаны 7–10 минут жұмсаймыз.
Расында да шұғыл көмек көрсететін жандардың уақыты шектеулі. Оларды алаңдатқан тағы бір жайт көп ұзамай шешімін таппақ. Алдағы уақытта жедел-жәрдем қызметкерлері үшін орталықтандырылған жаңа ғимарат салынады. Қазіргі нысан ескі, аумағы тар, әрі қойылған талаптарға сәйкес келмейтін көрінеді. Дегенмен жаңа стансаның құрылысы пандемияға байланысты келесі жылға қалдырылған.