Облыстың шалғай аудандарындағы тұрғындарға ПТР тестілеу жүргізетін мүмкіндік туды. Жылжымалы зертхана Атыраудағы обаға қарсы күрес стансасына табысталды.
«Аса қауіпті инфекцияларды ұлттық зерттеу орталығы» филиалы мамандарының айтуынша, бұл – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде таптырмас көмек.
Жылжымалы зертхана жол талғамайтын КамАЗ автокөлігіне орналсқан. Оның бір уақытта 260 адамнан сынама алатын мүмкіндігі бар. Мамандардың сөзіне сенсек, тест тапсыру құны арнайы ауруханаларға арзанырақ болады. Осыған дейін мұндай автозертхана Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысындағы обаға қарсы күрес стансаларына тапсырылған еді.