Су тек полюстердегі көлеңкеде ғана емес, айдың күн сәулесі түскен жағында да бар боп шықты. Бұл туралы NASA америкалық аэроғарыш агенттігі хабарлады.
Жаңалық Айды стратосфералық обсерваторияны пайдалана отырып зерттеу кезінде анықталған. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавий кратерінен табылды. Осылайша, агенттікке айдың даму бағдарламасына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін теория расталды. Айда судың болуы бірқатар мәселенің шешімін жеңілдетуі мүмкін. Оны отын жасауда пайдалану туралы ұсыныс та болған. Алайда NASA астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтың айтуынша, жер серігінен қандай мөлшерде су табуға болатыны және оны пайдалану мүмкіндігі әзір белгісіз.